Пт. Мар 14th, 2025

Аяқ астынан еліміз бүлікшілердің қылмыстық әрекеттерінен зардап шегіп, шеттен әскер кіріп, мылтық атылып, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігіне қасақана әркеттер жасалған мынау алмағайып заманда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түйінді сөзін асыға күткенім аян еді. Ол сөзді Мемлекет басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы 11 қаңтар күні айтты.

            Депуттар алдында сөйлеген  Президенттің осы сөзі тәуелсіз Қазақстанның жаңа бағытта дамуының, жаңа мақсаттарға жұмылуымыздың  нұсқауы, жоспары болды. Президент орын алған олқылықтарды, өрескел кемшіліктерді ашып айтты. Бүлікшілердің әрекетін «террорлық соғыс, билікті басып алуға талпыныс» деп бағалап, экстремизммен күресте халқымыздың шынайы патриоттық сезім үлгісін көрсеткенін атап өтті. Соның арқасында тап келген қиын сыннан өттік. Енді Қазақстан дамуының жаңа кезеңі басталады. Біздің саясатта да, экономикада да, бизнес, білім мен тәрбие, тағы басқа салаларда жаңғырумыз қажеттін нықтап айтты ол. Неге осындай қайғылы оқиғаның орын алуына жол бердік? Неге алдын алу шаралалары жүзе аспады? Неге мұны көрмей, білмей қалдық? Алдағы уақытта мұндай қасіретті жағдайларға жол бермеуіміз керек, деген Президент, енді не істеуіміз керек деген сауалға кесімді жауаптарын хабарлады.

            Алдағы жұмыс бүлікшілер қиратқан көшелер мен ғимараттарды қалпына келтіріп, елді-мекендерді , көшелерді тазалау, перзенті қаза болған отбасыларға көмектесуден басталып, мемлекет шекарасын нығайту, құқық қорғау саласын жетілдіру, арнайы жасақтар санын ұлғайту және олардың жабдықталуын күшейту, ол саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіру, банк жүйесін реттеу, орта және шағын бизнесті дамыту , жақын 5 жыл ішінде шет елдік 5 техникалық жоғарғы оқу орындарының филиалдарын ашу, әсіресе, ол филиалдарды еліміздің батыс өңірлерінде ашу қажеттігін тапсырды. Ендігі  уақытта жаппай  гуманитарлық мамандық игеруге, жеңілді іздеуге ұмтыла бермеу қажеттігін еске салды. Қазба байлығы жеткілікті Қазақстанға білікті инжерлердің керек екеніне дау бар ма?!Президент тапсырмалары нақты түрде жүктелді. Сол сөздерді тыңдай отырып, елімізде дамудың жаңа кезеңі басталып кеткенін сезіндік.

            Оның сөзі сыни тұрғыда айтылса да, кемшілігімізді көрсетті. Ауыр болса да олқылықтарымызды алға тартып, одан арылудың жолдарын нұсқады. Сын жаны ауырған соң, туған еліне жаны ашыған соң айтады, әрине. Мақсат қауіпсіз, құрыштай қорғанды елде терең, дұрыс білім беріліп, өнікті, табысты бейбіт еңбек етуге жағдай туғызу. Осындай, орасан зор, ауқымды жұмыстар жүзеге аспақ. Ұлы үрдістен шет қалмайық, үлесімізді қосайық. Тәуелсіз Қазақстанымыздың еңсесі биік болып, Туы жығылмасын!

            Мен Қауіпсіздік  кеңестің төрағасы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы тарихи сөзін толық қолдаймын. Бізге жаңаратын, жаңғыратын кез келді. Сондықтан, үлкен бастамалар көтеріп, ел дамуының жаңа жолын көрсеткен Президентімізбен бірге болайық!

                                                                       Қайыргелді Әкімбек,

                                                                       «Бұқпа!» газетінің директоры.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *